«ТКШ жаңғырту» бағдарламасы қазақстандықтардың баспана жағдайларының сапасын арттырады

АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстанда тұрғындық қарым-қатынастың оңтайлы үлгісін құруға бағытталған ұзақ мерзімді бағдарлама жүзеге асырылуда.
None
None

 Бағдарлама тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің сапасын арттырып, халықтың тұрғындық жағдайын ыңғайлы шарттармен қамтамасыз етеді, деп хабарлады pm.kz сайты.

2011 жылы ілкі жоба ретінде іске қосылған «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту» бағдарламасы қаржыландырудың арнайы тетіктерін құру арқылы  терможаңғыртуды қоса алғанда, кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеуден өткізуге мүмкіндік береді. Бүгіннің өзінде елдегі тұрғындық жағдайларды абаттандыру бойынша атқарылған жұмыстардың айтарлықтай нәтижесін байқауға болады.

«Барлық өңірлерде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кешенін қайта жаңғырту, жолдарды жөндеуден өткізу мен жолдар салу, қалалар мен ауылдарды абаттандыру бойынша тарихымызда бұрын болмаған  жаңғырту жұмыстары жүргізілді», - деп мәлім етті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның XIV съезінде.

«Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы аясында 81 мың шақырымнан астам жылу-электр және газ жеткізу желілерін қайта жаңғырту көзделген», - деп мәлім етті еліміздің Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов «Нұр Отан» партиясы  парламенттік фракциясының отырысында.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты қайта жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы Қазақстанның Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік  орталығымен бірлесе отырып су жеткізу мен канализация, газ жеткізу, электрмен қамтамасыз ету, жылу, қоқыс шығару, лифттерге қызмет көрсету жұмыстарын қоса алғанда, коммуналдық секторда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік элементтерін енгізуге қатысты  шараларды әзірлеп жатқанын айта кету керек.

Сөз арасында айта кетсек, әлемдік тәжірибеде айтарлықтай жемісті тәжірибе, ТКШ саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік формасының жоғары дәрежеде дамуы мен кеңінен қолданылуы әдеттегідей, Батыс Еуропа мен Солтүстік Американың дамыған елдерінде көрініс табады. Шетелдік тәжірибе тұрғын үй қорын ұйымдастыру мен пайдалануға беру саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту керек екенін көрсетеді (АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Нидерланды, Швеция, Австрия).

Қазақстанда «ТКШ қайта жаңғырту» бағдарламасының  «Көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу» жөніндегі бірінші тетігі бойынша 2011 жылы 106 үйді күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. Еліміздің барлық аймақтарында дерлік тұрғындар жөндеу жұмыстарын жүргізуге келісім берген. Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласында жөндеуден өткізіледі деп жоспарланған үйлердің барлығында Мемлекеттік сараптаманы қоса алғанда, жобалық-сметалық құжаттама бар.

2011 жылдың 5 желтоқсанындағы жағдайға сәйкес, еліміздің 11 аймағындағы 61 үйде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Ақтөбе (8 үй), Атырау (5 үй), Шығыс Қазақстан (7 үй), Жамбыл (3 үй), Солтүстік Қазақстан (8 үй) облыстары мен Аста қаласында (2 үй) 33 үйдің жөндеу жұмыстары аяқталды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты қайта жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығының мәліметіне сәйкес, барлық аймақтарда бірінші бағыт бойынша 72 жинақтаушы арнайы есепшот ашылған.

«Көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуден өткізу» атты бағдарламаның екінші тетігіне сәйкес, тұрғындар жиныластыраның 449 хаттамасына қол қойылған, бұл кондоминиум объектілерінің жалпы санының 97 пайызын құрайды. Жоспарланған 464 үйдің  ішінен кондоминиумның  405 нысаны  немесе 88 пайызы тіркелген. Екінші бағыт бойынша еліміздің барлық аймақтарындағы 277 үйдің жөндеу жұмыстары жалғасуда, бұл жөндеуге жататын барлық үйлердің 60 пайызын құрайды. Осы бағыт бойынша фасадтар, төбе жабындары, ажырату желілері, кіреберістер,сонымен қатар лифттер жөндеуден өтеді. Сондай-ақ, осы бағытқа сәйкес, жинақтаушы есепшоттар ашу көзделген. Барлығы 266 арнайы жинақтаушы есепшоттар ашылған.

Осылардан бөлек,  Ақтөбе облысындағы 45 үй, Алматы облысында 18 үй, Атырау облысында 12 үй, Шығыс Қазақстан облысындағы 50 үй, Жамбыл облысында 19 үй, Солтүстік Қазақстан облысындағы 9 үйдің жөндеу жұмыстары аяқталды.

ТКШ қайта жаңғырту бойынша мемлекеттік шаралар кондоминиум нысандарының мүліктерін қалпына келтіруге, жылу, электр және газ жеткізу желілерін жөндеуден өткізуге бағытталған. Бағдарламаның жүзеге асырылу нәтижесінде Қазақстанда 2015 жылға қарай жөндеуді талап ететін кондоминиум нысандарының үлесі 32 пайыздан 22 пайызға дейін азаяды деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар