Тікұшақ алаңы да бар: Қояндыда құтқарушылардың жаңа базасы ашылды

АСТАНА. KAZINFORM — Ақмола облысының Қоянды ауылында тікұшақ алаңы бар жаңа өрт сөндіру депосы ашылды. Бөлімшенің жұмысын Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов бастады, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Тікұшақ алаңы да бар: Қояндыда құтқарушылардың жаңа базасы ашылды
Фото: ТЖМ

Бұл – өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға арналған заманауи базаны құрудың бірінші кезеңі. Нысан Қазақстан құтқарушылары қорының қаражаты есебінен тез құрастырылатын конструкциялардан салынған.

Тікұшақ алаңы да бар: Қояндыда құтқарушылардың жаңа базасы ашылды
Фото: ТЖМ

Жаңа өрт сөндіру бөлімі алты техникаға арналған және шамамен 30 мың адам тұратын сегіз елді мекенді қорғайды.

Тікұшақ алаңы да бар: Қояндыда құтқарушылардың жаңа базасы ашылды
Фото: ТЖМ

Кешен аумағында төтенше жағдайлар кезінде құтқару авиациясын тартуға арналған тікұшақ алаңы орналасқан. 

Тікұшақ алаңы да бар: Қояндыда құтқарушылардың жаңа базасы ашылды
Фото: ТЖМ

Мұнда субұрқақтары, күркесі, барбекю алаңы мен жылқы мүсіндері бар демалыс орындары жабдықталған.

кухня
Фото: ТЖМ

Ғимаратта кезекші қарауылдарға арналған бөлмелер, оқу сыныбы, ас үй, жатын бөлмелер және психологиялық жеңілдеу бөлмесі қарастырылған.

Тікұшақ алаңы да бар: Қояндыда құтқарушылардың жаңа базасы ашылды
Фото: ТЖМ

Жеке құрамның тәулік бойы қызмет атқаруына, дайындық жүргізуіне және демалуына қажетті жағдайлар жасалған.

Тікұшақ алаңы да бар: Қояндыда құтқарушылардың жаңа базасы ашылды
Фото: ТЖМ
Тікұшақ алаңы да бар: Қояндыда құтқарушылардың жаңа базасы ашылды
Фото: ТЖМ

Салтанатты рәсім барысында ТЖМ басшысы жаңа депоның жабдықталуымен және өрт сөндірушілердің қызмет ету жағдайларымен танысты. Ашылу рәсімі құттықтаулармен, ізгі тілектермен және ведомстволық наградаларды табыстаумен жалғасты.

Тікұшақ алаңы да бар: Қояндыда құтқарушылардың жаңа базасы ашылды
Фото: ТЖМ

Нысанның құрылысына қосқан үлесі үшін жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, кәсіпкерлер, ТЖМ қызметкерлері мен ауыл тұрғындары марапатталды.

Тікұшақ алаңы да бар: Қояндыда құтқарушылардың жаңа базасы ашылды
Фото: ТЖМ

 Жаңа өрт сөндіру бөлімінің символикалық кілтін министр №33 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Сұлтан Такишевке табыс етті.

Тікұшақ алаңы да бар: Қояндыда құтқарушылардың жаңа базасы ашылды
Фото: ТЖМ

Бірінші кезең аяқталып, жаңа өрт сөндіру бөлімі өз міндеттерін орындауға кіріседі. Алда күнделікті кезекшілік, жаттығулар мен шақыртуларға шығу жұмыстары күтіп тұр. Қоянды және көршілес ауылдардың тұрғындары үшін бұл өрт сөндіру бөлімшелерінің жақын орналасып, төтенше жағдайлар кезінде көмектің жылдамырақ жететінін білдіреді. Депоның ашылуы Целиноград ауданындағы өртке қарсы қызметті дамытудың жаңа кезеңіне жол ашты.

Осыған дейін елімізде 237 ерікті өрт сөндіру бекеті салынғанын жазғанбыз.