Президент Тілеухан Қабдрахмановты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

АСТАНА. KAZINFORM –  Мемлекет қайраткері, дипломатиялық қызмет ардагері Тілеухан Қабдрахманов І дәрежелі «Достық» орденімен наградталды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Ақорда
Фото: Ағыбай Аяпбергенов /Kazinform

— Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүзеге асыруға, шет мемлекеттермен достық қарым-қатынастардың орнатылуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін мемлекет қайраткері, дипломатиялық қызмет ардагері Тілеухан Қабдрахманов І дәрежелі «Достық» орденімен наградталды, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, экономиканың нақты секторын қаржыландыруды тапсырған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар