ТМД Атқарушы комитеті Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына арналған бірыңғай сабақ немесе күн енгізуді ұсынады

None
None
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ – ТМД қатысушы-мемлекеттерінде Достастық кеңістігінде бірігуді дамыту мәселелері бойынша ақпараттық жұмыстарға жете көңіл бөлінбейді.
ТМД жөніндегі білімнің жетіспеушілігінен оның мақсаттары, міндеттері және келешегі әсіресе жастар арасында өткір сезіледі. Осы олқылықты белгілі бір мөлшерде қатысушы-мемлекеттер мектептерінде мерзімді өткізіліп тұратын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына арналған бірыңғай сабақтың немесе күннің көмегімен толықтыруға болады. ТМД елдері білім беру министрлерінің XVI Конференциясында Атқарушы комитеттің төрағасы ? Достастықтың атқарушы хатшысы Сергей Лебедев осындай пікір білдірді.Оның айтуынша, Еуроодақ пен НАТО елдерінің мектептерінде осы ұйымдардың қызметтері туралы арнайы сабақтар көптен бері жүргізіліп келеді. Осындай сабақтарды біздер де өткізе аламыз.ТМД елдері білім беру министрлерінің XVI Конференциясына қатысуға Беларус Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы білім беру ведомстваларының басшылары атсалысты. Армения Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Украина министрлері орынбасарларының және білім беру министрліктерінің өкілетті өкілдіктерінің деңгейінде ұсынылды. ТМД Экономикалық даму стратегиясының ережелерінде көзделген білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастық, 2009 жылы Жастар жылын және 2010 жылы Ғылым және инновациялар жылын өткізу мәселелері қаралды. Форумға қатысушылар «ТМД білім беру үздігі» төсбелгісін тағайындау және Астанада 2010 жылғы наурызда ТМД елдері білім беру қызметкерлерінің I Съезін өткізу туралы уағдаласты.
Соңғы жаңалықтар
telegram