15:32, 10 Ақпан 2009 | GMT +5
ТМД Әуе шабуылынан қорғанысы шартқа қатысушы барлық мемлекетті қорғайды ? РФ Әскери Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы
МӘСКЕУ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Әуе шабуылынан қорғаныс бірлескен жүйесі қатысушы елдердің кез келгенін қорғауға қатысады,

деп мәлімдеді бүгін Мәскеуде журналистерге РФ Әскери Әуе Күштерінің бас қолбасшысы, генерал-полковник Александр Зелин. Бұл туралы ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. «ТМД ӘӘК Әуе шабуылынан қорғаныс бірлескен жүйесі ықтимал қарсыластың шабуылының алдын алу және тойтарыс беру міндетін атқарады. Біз, егер ТМД ӘӘК Әуе шабуылынан қорғаныс бірлескен жүйесі қатысушы-елдерінің шекарасы бұзылатын болса, әрине, қатысушы мемлекеттердің кез келгенін қорғауға қатысатын боламыз», - деді Зелин.ТМД қатысушы-мемлекеттерінің Әскери-Әке Күштерінің Әуе шабуылынан қорғаныс бірлескен жүйесі 1995 жылы ақпанның 10-ында құрылды. Оған Достастықтың 10 мемлекеті: Армения, Беларус, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Украина кірді. 2008 жылы Грузия ТМД-дан және Әскери Әуе Күштері Әуе шабуылынан қорғаныс бірлескен жүйесінен шықты. Алайда әуе кеңістігін бірлесіп қорғауға келісімге қол қойған барлық мемлекеттер қатысып отырған жоқ. Мысалға, Түрікменстан бірлескен жүйе қызметіне қатыспайды, ал Өзбекстан мен Украина Ресеймен өзара ынтымақтастық туралы екіжақты шартқа қол қойған.