ТМД барлық елдерінің балғын өкілдері балалар суреттерінің VI халықаралық байқауына қатысады

АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат - Ертең Минскідегі Балалар мен жастар көркем шығармашылығы ұлттық орталығында балалар суреттерінің VI халықаралық байқауының таныстырылымы өтеді,
None
None

деп хабарлады ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметі.

Оны РФ Сыртқы істер министрлігі жанындағы ТМД және шетелдердегі отандастар істері, халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Федералдық агенттік, Беларус білім министрлігінің балалар мен жастар көркем шығармашылығы ұлттық орталығы, Достастықтың жарғылық және басқа органдары жанындағы Ресей Федерациясының тұрақты өкілдігі  ұйымдастырып отыр.

Конкурс екі кезеңде өткізіледі. Оған ТМД барлық елдеріндегі 7 жастан 17 жасқа дейінгі балалар қатыса алады. Балалар суреттерініің VI халықаралық байқауы туралы толық мәліметті www.artcitiez.com сайтынан білуге болады.

Таныстырылымға Беларус Республикасы Мәдениет және Сыртқы істер министрліктерінің, ТМД Атқару комитетінің өкілдері және ТМД елдерінің елшілері мен тұрақты өкілдері қатысады.

Соңғы жаңалықтар