ТМД-да алғашқы рет 100 Гбит/с жылдамдықпен мәліметтерді тарату бойынша оптикалық технология сынақтан өткізілді

АЛМАТЫ. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін «Қазақтелеком» мен "Alcatel-Lucent" компаниялары Алматы және Талдықорған қалалары арасында 100-гигабиттік (100G) оптикалық желіні сынақтан сәтті өткізгені туралы баспссөз мәлімдемесін таратты.
None
None

Онда ТМД елдерінде алғаш рет жаңа технологияны дала жағдайында сынап көрудің нәтижесінде қолданыстағы талшықты-оптикалық желілердің сыйымдылығын біршама арттыру мүмкіндігі көрсетілді.

Дала жағдайында өткізілген сынақ кезінде қолданыстағы белсенді DWDM арнасында өткізу қабілеті 100 Гбит/с құраған оптикалық байланыс орнатылды. Сынақ барысы көрсеткеніндей, байланыс операторлары Alcatel-Lucent 100G жаңа технологиясы көмегімен өздерінің желілерінің сыйымдылығын арттыра алады. Бұл технология операторлардың ағымдағы және қолданыстағы шығындарын төмендетіп, энергия тұтынысын азайтуға мүмкіндік береді. Жаңа шешімді қолдану нәтижесінде операторларда өздерінің қолданушылары үшін кеңжолақты қызмет пен тіркелген телефон байланысының өткізу жолағын оңай әрі жеңіл кеңейту мүмкіндігі туды. Сондай-ақ мәліметтерді таратудың жоғары сапасы қамтамасыз етіліп, бейнеқызметіне және мультимедиялық қосымшаларға деген үдемелі сұранысқа жауап беру мүмкіндіктері туып отыр.

«Қазақтелеком» компаниясының Техникалық даму жөніндегі басқарушы директоры Жексенбай Жаманбалановтың айтуынша, осы сынақтың нәтижесінде қолданыстағы талшықты-оптикалық желілер бойымен ағынды 100 Гбит/с жылдамдықпен жеткізу мүмкіндігі дәлелденіп, ТМД елдерінде 100G технологиясының таралуына жол ашылып отыр. Аталған шешім өткізу жолағына қойылып отырған ағымдағы және келешектегі талаптарға жауап беруге, сондай-ақ, нарықта жаңа қызметтердің пайда болуын жылдамдатуға мүмкіндік бермек. Дала жағдайында өткізілген сынақтар 100G технологиясы талшықты-оптикалық желінің өткізу қабілетін мультитерабиттік деңгейге дейін арттыруға болатынын көрсетіп отыр. Бұл деңгей ағын көлемінің аса жылдам өсуі кезінде қажет, сондай-ақ, желіні транзиттік арналарды ұйымдастыруға арналған бірегей орта ретінде алға жылжытады.

Соңғы жаңалықтар