ТМД Экономикалық кеңесінің 56-шы отырысында теміржол көлігіндегі тарифтік саясаттың орындалуы қаралады

Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі Ж.С. Айтжанова қатысады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев айтты.
Отырыс барысында Экономикалық кеңес мүшелері теміржол көлігіндегі келісілген тарифтік саясатты бекіту туралы ТМД Үкімет басшылары кеңесі шешімінің орындалуын қарастырады.
Қатысушылар назарына сонымен қатар, Өзбекстан Республикасының 2011 жылғы 18 қазандағы еркін сауда аймағы туралы келісімге қатысу мәселесі ұсынылады.
Мұнымен қоса, ТМД Экономикалық кеңесі мүшелерінің назарына Беларусь сауда саясатына шолу, теміржол көлігіндегі лаңкестікке қарсы жұмыстар Тұжырымдамасының жобасы ұсынылады.
Отырыс барысында экономикалық саясат, сондай-ақ ынтамақтастық қызметке қатысты қаржы және ұйымдастырушылық мәселелер қарастырылмақ.