ТМД елдері армиялары Ойындарының бірінші күні Қазақстан 26 медаль еншіледі (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде өтіп жатқан ТМД елдерінің достас армиялары арасындағыАлғашқы әскери-спорт ойындарында қазақстандық армия құрамасының қоржыны 26 медальмен толықты.
None
None

Олардың төртеуі алтын, 9-ы күміс және 13-і қола. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жарыстың бірінші күні біздің топ құрамын жоғары сатыда көрсеткен жүзуден халықаралық сыныптағы спорт шебері кіші сержант Александр Тарабин болды. Ол 50 және 100 метр аралыққа арқамен жүзуден екі алтын медаль жеңіп алды. Осы спорт түрінен армиялық Михаил Никульшин, Георгий Парашютов, Евгений Азарьев және Андрей Зубаков сынды спортшылар 5 күміс және 5 қола медаль иеленді. Әлемнің 11 дүркін чемпионы кіші сержант Виталий Диденко 95 кг салмаққа дейінгі санатта кір тасын көтеру спортынан «алтын медаль» иегері атанды. Топ құрамына тағы да бір алтын медаль сыйлаған 60 кг салмақтағы дзюдоист қатардағы жауынгер Гусман Қырғызбаев болды. Осы орайда спорттың аталған түрінен біздің спортшылар Мейіржан Қалтаев, Талғат Әміренов, Әшімхан Қажы, Қажымұқан Өтеулиев және Асан Мәмбетқұлов екі күміс және үш қола жүлде еншіледі. Естеріңізге сала кетсек, ТМД елдерінің достас армиялар арасындағы Алғашқы әскери-спорт ойындарына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Беларусь және Армения армиялары спортшыларынан құралған командалар қатысуда.

Соңғы жаңалықтар