ТМД елдері кеңістіктеріндегі инфрақұрылымдарды дамыту Минскіде талқылануда

None
None
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ – Достастық елдерінің кеңістіктерінде инфрақұрылымдарды құру және дамыту Тұжырымдамасын әзірлеу, географиялық нысандар атауларын өзгертудің электрондық бюллетенін құру,
ТМД елдері арасындағы топографиялық өнімдерге деген режимдік шектеулер ? осы күндері Минскідегі «Беловеж тоғайы» ұлттық саябағында өтіп жатқан ТМД қатысушы-мемлекеттері Жердің геодезиясы, картографиясы, кадастры және қашықтан байқап көру бойынша Мемлекетаралық кеңесінің XXIX сессиясында қызу талқылануда.ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, сессияның жұмыс күні тәртібінде ? Брест қаласында орналасқан Беларусь Республикасы мемлекеттік мүлік комитеті кәсіпорындарында болу және жұмыс тәжірибелерін зерделеу қамтылған.Жердің геодезиясы, картографиясы, кадастры және қашықтан байқап көру бойынша Мемлекетаралық кеңес 1992 жылы құрылған. Оның негізгі функциялары ? келісілген саясатты жүргізу, нормативтік-құжаттамаларды әзірлеу, өз құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша ТМД Үкіметтері басшыларының кеңесі үшін ұсыныстарды әзірлеу.
Соңғы жаңалықтар
telegram