ТМД елдері ойындары: Қазақстандық мергендер жүлдегер атанды

ҚАЗАН. ҚазАқпарат - Ресейдің Қазан қаласында өтіп жатқан ТМД ойындарында қазақстандық спортшылар нысана көздеуден бірнеше медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ТМД елдері ойындары: Қазақстандық мергендер жүлдегер атанды

Екі жүлде 50 метрге нысана көздеуден түсті. Ед құрамасынан Арина Алтухова алтын, Ирина Безрукова күміс медаль иеленді.

Ал Никита Чирюкин пневматикалық тапаншамен 10 метрге нысана көздеуден жеңістің екінші тұғырына көтерілді.

Сондай-ақ, бүгін Ирина Локтионова алтын жүлдегер атанды. Ол пневматикалық тапаншамен 10 метрге нысана көздеуден топ жарған еді.

Айта кетсек, бұдан бұрын аталған ойындарда азақстандық боксшылар 4 салмақта чемпион атанды.