ТМД елдері президенттері халықаралық лаңкестікпен күрес туралы мәлімдеме жасайды

БУРАБАЙ. ҚазАқпарат - ТМД елдері президенттері халықаралық лаңкестікпен күрес туралы мәлімдеме жасайды. Бұл туралы бүгін Ақмола облысына қарасты Бурабай курорттық аймағында басталған Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Мемлекет басшылары кеңесінің бүгінгі отырысы Қазақстан Республикасының төрағалығымен өтуде. Қазақстан ТМД құрылған сәттен бастап біздің елдеріміз арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты жандандыруды, ынтымақтастықты нығайту табанды жақтап келеді. Бұл посеңестік кеңістіктегі 11 мемлекетті біріктіретін, біздің өңірімізде баламасы жоқ бірегей әмбебап алаң болып табылады», - деді ҚР Президенті. Елбасы өз сөзінде бүгінгі шара ТМД-ның дамуына өз үлесін қосып, елдер арасындағы ынтымақтастықты тереңдете түсуге өз үлесін қосатынығына сенім артатындығын баса айтты. «Бүгінгі отырыстың күн тәртібіне 17 мәселе қосылған. Олардың басым бөлігі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне арналған, халықаралық келісімшарт топтамаларына қол қою, бағдарламалық құжаттарды бекіту, сонымен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 70 жыл толуына орай және халықаралық лаңкестікпен күрес туралы мәлімдеме бар», - деді Н.Назарбаев. Жоғары деңгейдегі отырысқа Армения Президенті Серж Саргсян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырызстан Президенті Алмазбек Атамбаев, Ресей Президенті Владимир Путин, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімов, Молдова Сыртқы істер жне еуропалық интеграция министрінің орынбасары Андрей Галбур, Түркіменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары Сатлық Сатлыков, Украинаның Қазақстандағы істерінің уақытша сенімді өкілі Юрий Лазебник, ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы - атқарушы хатшысы Сергей Лебедев қатысуда.

Соңғы жаңалықтар