ТМД елдері трансұлттық қылмыстармен күреске бағытталған жедел-тергеу топтарын құрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат Бүгін Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Онда сенаторлар «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру тәртібі және олардың қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады.

«Келісімге 2015 жылғы 16 қазанда Бурабай кентінде Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғыз, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясының басшылары қол қойған. Құжат негізінен ТМД аумағында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру мен олардың жұмыс тәртібі қарастырылып отыр»,  деді Ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғымбаев.
Оның айтуынша, бірлескен жедел-тергеу топтары трансұлттық қылмыстардың жолын кесу мақсатында құрылады, атап айтқанда, олар Орталық Азия елдері мен Қазақстан аумағы арқылы өтетін есірткі трафигінің жолын кесу үшін бірлескен және келісілген шараларды қамтитын болады.
Тұтастай алғанда, Келісім ТМД Конвенциясының құқықтық көмектер туралы 63-бабын қолдануды нақтылап, азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастарды реттеуге мүмкіндік береді.
Заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейды, теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға соқтырмайды. 
Жалпы келісім ТМД қатысушы мемлекеттерінің қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық тиімділігін арттырады. Жедел-тергеу қызметін атқарудағы нақты шаралар Қазақстанның тергеу қызметтерінің де тиімділігін көтереді. Заң жобасы палатаның алдағы жалпы отырысына шығарылады.  

Соңғы жаңалықтар