ТМД елдері үкіметтерінің басшылары Достастықтың экономикалық даму стратегиясын іске асыру мәселесін талқылайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 қазанда Душанбеде ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысы өтеді. Күн тәртібінде 30-дан астам мәселелер қамтылған, олардың негізгілері сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға арналған.
None
None

Кездесу қатысушылары қаржы, әлеуметтік, құқық қорғау және гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды тереңдету жөнінде пікір алмасады, сондай-ақ 2011 жылғы 18 қазандағы еркін сауда аймағы туралы шарттың ережелерін іске асыру барысы талқыланады.

«2020 жылға дейінгі ТМД Экономикалық даму стратегиясының үшінші кезеңін, сондай-ақ Достастық елдерінің Жастар ынтымақтастығы стратегиясы мен дене тәрбиесі және спортты дамыту стратегиясын орындаудың кезекті кезеңдерін іске асыру жоспарларын қабылдау жоспарлануда. 2016 жылы ТМД құрылғанына 25 жыл толуын мерекелеуге арналған шаралар жоспарын бекіту болжануда», - деп хабарлады РФ Үкіметінің баспасөз қызметінде.

Кездесу қорытындысы бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде халықаралық электр байланысы қызметтерін көрсету кезінде оператораралық өзара есеп айырысуларды жүзеге асыру жағдайлары туралы келісімге қол қою, сондай-ақ ТМД-да бұрын қабылданған кейбір халықаралық шарттар мен шешімдерге оларды жандандыру мақсатында өзгерістер енгізу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар