ТМД елдеріндегі өзара инвестициялардың мәліметтер базасы құрылады

АЛМАТЫ. 2 сәуір. ҚазАқпарат - Еуразия даму банкінің Ықпалдастықты зерттеу орталығы мен Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институты ТМД елдеріндегі өзара инвестициялардың мәліметтер базасын құрады.
None
None

Банктің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, онда 2009 жылдан кейінгі деректер жиналмақ. Сондай-ақ алдағы уақытта аймақтағы ықпалдастық үдерістеріне тұрақты түрде мониторинг жасалып отыратын болады.

«Өзара инвестициялар - аймақтағы экономикалық байланыстардың тұрақтылығын көрсететін маңызды көрсеткіш. Ол ТМД-да тұрақты түрде сараптамалық және талдамалық мәліметтерде  көрініс таппаған. Бұл жағдай ағымдағы статистиканың жетілдірілмеуінен орын алуда. Аймақтағы инвестициялаудың ерекшеліктері, оның ішінде инвесторлардың көпсатылы офшорлық тетіктерді қолдануы және инвестициялық талдауда қосымша әдістер мен құралдарды жасауды қажет етеді», - дейді Еуразия даму банкінің талдамалық жұмыстар жөніндегі басқарушы директоры Владимир Ясинский.

Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институты Еуропалық зерттеулер орталығының жетекшісі Алексей Кузнецовтың айтуынша,  бірлескен бұл жоба бұрынғы кеңестік кеңістіктегі тікелей инвестициялауды  талдаудағы олқылықты толтырады. Әлемдегі шекарааралық капитал салуда жүргізілген зерттеулер  негізінен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кіретін елдердің компанияларымен байланысты. Тәжірибелік базаны дамушы нарықтардағы  фирмалар есебінен кеңейту әрекеттері негізінен Қытай, Үндістан және  Латын Америкасы елдерімен шектелуде. Сол себепті ТМД елдерінің ерекшеліктерін зерттеу  Еуразиялық экономикалық одақты дамытудағы корпоративтік ықпалдастықтың рөлін дәлме-дәл талдаудың бірден-бір жолы саналады.  ТМД Елдеріндегі өзара инвестициялардағы мониторинг жүйесі мен корпоративтік сектордағы ықпалдастық ағымдарын зерттеу маусым айында аяқталмақ.

Соңғы жаңалықтар