ТМД елдерінің ішінде Қазақстан мен Беларусь ресейліктердің көбірек сеніміне ие
Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығы жүргізген сауалнама нәтижелері осындай, деп хабарлады ТАСС.
"Беларусь пен Қазақстан бірнеше жыл қатарынан ТМД елдері арасындағы рейтингте жетістіктерге жетуі бойынша алғашқы орындардан көрінуде. Биыл олардың көрсеткіштері нығая түсті ", - деді Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығының басқарма төрағасы Константин Абрамов. Сауалнамаға қатысқандардың 66% және 45% бұл елдерді алдыңғы қатарлы деп есептейді. Олардан кейінгі орынға Әзербайжан - 10%, Армения - 9% жайғасты. Қырғызстан, Грузия және Молдавия сауалнамаға қатысқандардың 5% қолдауына ие болды. Сұраққа жауап берген адамдар бірнеше елді атай алды. РФ тұрғындарының 65%-ы - Беларусьті, ал 46%-ы - Қазақстанды сенімді серіктес деп есептейді. Ресейліктердің пікірінше, Беларусь пен Қазақстан осы елдерде тұратын орыс тілді тұрғындарға теңдей қарау бойынша да алдыңғы шепте. Бұл осы сұраққа жауап берген адамдардың сәйкесінше 63% және 31%-ының пікірі. Еуразиялық одақ бастамасы ресейліктердің қолдауына ие. "Бұл одаққа тұрғындардың 4%-ы ғана қарсы", - деді Абрамов. Қараша айында жүргізілген сауалнамаға 18 жастан асқан 1600 адам қатысты.