08:49, 17 Қыркүйек 2010 | GMT +5
ТМД елдерінің Ішкі істер министрлерінің кеңесі Санкт-Петерборда бас қосады
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Достастық елдерінің Ішкі істер министрлерінің кеңесі бүгін, қыркүйектің 17-сінде Санкт-Петербургта кезекті жиналыста бас қосады.

Мәжілістің күнтәртібіне қылмыспен, адамдарды құлдыққа сатумен күресуге, Интерполмен өзара іс-қимылдарға, адамның құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты мәселелері қойылып отыр. Министрлер сондай-ақ дактилоскопиялық мәліметтер базаларының және телекоммуникациялық байланыс жүйелерінің автоматтандырылған біртұтас желісін құру мәселесін де талқыламақ.
Отырысқа ТМД Атқарушы комитеті төрағасының орынбасары Тоқтасын Бұзыбаев қатысады деп жоспарланып отыр.