ТМД елдерінің құқық қорғау органдары жылына 3,5 мыңға жуық іздеуде жүрген қылмыскерлерді қолға түсіреді - А.Боков

АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - ТМД елдері аумағында жылына орташа есеппен іздеуде жүрген 3 мың - 3,5 мың қылмыскер  табылады.
None
None


Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан «Орталық Азияда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастықты арттыру» атты өңірлік конференцияда ТМД-ға мүше елдер аумақтарында Ұйымдасқан қылмыс пен басқа да қылмыс түрлерімен күресті үйлестіру бойынша бюроның директоры Александр Боков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 А.Боковтың атап көрсеткеніндей, бүгінде ТМД шеңберінде қылмыстарға қарсы күрестің айтарлықтай тиімді тетігі жасалып отыр. «Біз бір жылда орташа есеппен 3-3,5 мың қылмыскерді іздеп табамыз. Оның ішінде қылмыстың ұйымдасқан түрі де бар. Сондай-ақ 1,5-2 мың адамды оларға іздеу салған мемлекетке экстрадициялауды жүзеге асырамыз. ТМД елдері қылмысқа қарсы әрдайым қарсы тұра алды. Әрине, Кеңестік мемлекет уақытында әзірленген кейбір тетіктердің істен шыққан кезеңдері болды. Бірақ бүгінде бізде айтарлықтай тиімді база жасақталды. Біз ақпараттық алмасу мен қылмыскерлерді іздеп табу бағытындағы іс-қимылдарды үйлестірдік», - деді ол.

 Сондай-ақ оның айтуынша, бүгін Астанада құқық қорғау құрылымдары шеңберінде өтіп жатқан жиын посткеңестік кеңістіктегі алғашқы ірі форум болып табылады. «Тәжірибе алмасу және әр елде қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарау маңызды. Өйткені, героиннің 70-76 пайызы ТМД аумағы арқылы өтетіні, ол Ауғанстанда өңделіп, оның басым бөлігі «Балқан маршруты» атты бағытпен ТМД аумағы арқылы қайта өтетіні ешкімге жасырын емес», - деді Бюро директоры.

Соңғы жаңалықтар