ТМД елдерінің тарихы бойынша бірегей оқулық жасалуы мүмкін - Ж.Түймебаев

АСТАНА. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат - Беларус елінің ТМД елдері үшін бірегей оқулықты құру туралы бастамасы өте көкейкесті. Бұл туралы бүгін Минскіде болып жатқан ТМД гуманитарлық бағыттағы салалық байланыс органдары басшыларының үйлестіруші отырысында Қазақстанның білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев хабарлады, дейді БЕЛТА.
None
None

Министрдің айтуынша, бірегей оқулықты құру туралы әңгіменің ұшы Астана қаласында сәуір айының соңғы ширегінде орын алған ТМД елдерінің оқытушыларының бірінші съезінде-ақ шыққан еді. «Егер біз барлығымыз жиналып, тарихшыларымызды бір жерге топтастырсақ, ТМД елдерінің тарихына арналған бірегей оқулықты жасап шығара аламыз», - деп атап өтті Жансейіт Түймебаев.

Қазақстанда Достастық елдерінің мұғалімдері алғаш рет 1988 жылы бас қосқан еді. Бұл, қазақстандық министрдің пайымдауынша, үлкен оқиға болды. Съезге ТМД мемлекеттерінің білім және ғылым министрліктерінің басшылары, озат мұғалімдер, жаңашыл ұстаздар келді. «Барлығы да қарым-қатынасты сағынып қалған екен, осы кездесуде пікір алмасып, әлемде болып жатқан жаңалықтармен бөлісіп, тәжірибе бөлісуге зор мүмкіндік алды», - деп қосты министр.

Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, ТМД елдерінің мұғалімдері осы тәріздес іс-шараларды жиі өткізіп тұруды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар