ТМД елдерінде шарап өнеркәсібі реттеледі

АСТАНА. KAZINFORM - Санкт-Петербургте өткен пленарлық отырыста ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясы «Жүзім шаруашылығы және шарап жасау туралы» үлгілік заңды мақұлдады.

Регулировать винодельную отрасль будут в странах СНГ
Фото: retail.ru

ТМД ПАА Аграрлық саясат, табиғи ресурстар және экология жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ольга Булавкинаның айтуынша, заң шарап өндірісі мен айналымын реттеу, сондай-ақ шарап өнімдерінің айналымын реттеу үшін қажет.

— Осыған байланысты заңда жүзім шаруашылығы мен шарап шаруашылығын дамытуға бағытталған құқықтық жағдайларды жасау және оңтайландыру қарастырылған. Атап айтқанда, ұлттық шикізат базасын қалыптастыру, дамыту және шарап зауыттарын заманауи құрал-жабдықтармен технологиялық қайта жарақтандыру және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, - деді ол.

Депутат үлгілік заңның қабылдануы және оны ТМД елдерінің заңнамасында қолдану шарап саласын жаңа даму деңгейіне шығаруға, сондай-ақ экспортты арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Депутат үлгілік заңның қабылдануы және оны ТМД елдерінің заңнамасында қолдану шарап саласын жаңа даму деңгейіне шығаруға, сондай-ақ экспортты арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бұған дейін алкогольге әсіресе Шығыс Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстары көп шығынданатынын, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы Дайындық ауылының тұрғындары алкогольдік ішімдіктерден мүлде бас тартқаны туралы хабарланған болатын.