ТМД елдеріндегі 2023 жылғы ең үздік әуежай анықталды

АСТАНА. KAZINFORM – ТМД елдері арасындағы 2023 жылғы «Жылдың үздік әуежайы» байқауының жеңімпазы белгілі болды.

Минск
Фото: airport.by

Бұл байқауды ТМД елдері азаматтық авиациясының әуежай қауымдастығы жыл сайын өткізеді. Биыл Ресей астанасы Мәскеуде қауымдастық мүшелерінің жыл сайынғы есеп беру кездесуінде Минск әуежайына былтырғы жылдың қорытындысы бойынша «ТМД-дағы үздік әуежай» кубогы табыс етілді.

Бұл туралы ақпарат Минск ұлттық әуежайының ресми сайтында жарияланды.

Айта кетейік, Минск әуежайы ұшақтардың уақтылы ұшуы бойынша әлемдегі ТОП-5 әуежайдың қатарына кіреді. Мұнда ұшу рейстерінің 92,35 пайызы кестеге сай орындалады.

Соңғы жаңалықтар