09:38, 21 Қараша 2011 | GMT +5
ТМД, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ және ШЫҰ жоғары әкімшілік-лауазымды тұлғаларының екінші кездесуі Мәскеуде өтеді
НСК. 21 қараша. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - Сейсенбі, 22 қараша күні, Мәскеуде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД), Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы (ЕурАзЭҚ), Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) жоғары әкімшілік-лауазымды тұлғаларының екінші кездесуі өтеді.
Бұл туралы ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуге ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы, атқарушы хатшысы Сергей Лебедев, ЕурАзЭҚ Бас хатшысы Тайыр Мансұров, ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжа мен ШЫҰ Бас хатшысы Мұратбек Иманәлиев қатысады.
Кездесу қорытындысы бойынша, бірлескен коммюникеге қол қойылады.