ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық экономикалық форумы 15 наурызда өтеді

Форум Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесінің кезекті отырысымен бір уақытта болады, деп хабарлайды ұйымдастырушылары - ТМД экономикалық дамыту іскерлік орталығынан. Алқалы жиын Достастықтың Атқарушы комитетінің және Қаржылық-банк кеңесінің қолдауымен өткелі отыр.
Форум жұмысына ТМД-ға қатысушы мемлекеттер үкіметтері басшыларының орынбасарлары, экономикалық даму, өнеркәсіп және сауда министрлері мен министрліктердің басшылықтағы қызметкерлері, билік органдарының, салалық бірлестіктердің, банк қауымдастықтарының өкілдері, кәсіпкерлер, Достастық елдерінің БАҚ-тары, жалпы 1500-ден астам адам қатысады.
Форумның негізгі міндеттеріне экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың болашағы мен механизмдерін талқылау кіреді, сондай-ақ еркін сауда туралы келісімшартты іске асыру, Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы өзара әрекеттестік мәселелерінің кешенін қарастыру жоспарланып отыр.
Форум аясында байқау қорытындылары шығарылып, сыйлықтар - «ТМД бизнесінің көшбасшысы» және «ТМД экономикалық ықпалдастығының көшбасшысы» құрмет белгілері табысталады.