ТМД-ға мүше елдер басшыларының саммитінде Жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі декларацияны қабылдау жоспарлануда

МӘСКЕУ. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ашхабадта 5 желтоқсан күні өтетін ТМД-ға мүше-мемлекеттер басшылары Кеңесінің кезекті отырысы барысында ТМД-ға қатысушы-мемлекеттер басшыларының Жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі декларациясын қабылдау жоспарлануда.
None
None

Кремльдің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Кеңестің отырысына Ресей Президенті Владимир Путин қатысады.

Саммиттің ауқымды күн тәртібіне 20 мәселе еніп отыр және ол ТМД кеңістігіндегі көпжоспарлы өзара әрекеттестіктің барлық маңызды аспектілерін қамтиды. Түркіменстанның бастамасы бойынша, ТМД-ға қатысушы-мемлекеттер басшыларының Жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту декларациясын қабылдау жоспарлануда.

Алдағы келіссөздердің барысында негізгі басымдық экономикалық саладағы ынтымақтастық тақырыбына, соның ішінде Өзбекстанның, Әзірбайжан мен Түркіменстанның Еркін сауда аймағы туралы келісімге қосылу  болашағына арналады. Бұдан басқа, ТМД елдерінің Біріктірілген валюталық нарығын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою жоспарлануда.

2012 жылы ТМД аумағында өзара әрекеттестіктің экономика саласындағы басты тақырыбы байланыс және ақпараттандыру саласындағы ынтымақтастық болып бекітілді.

Сондай-ақ Мемлекеттер басшыларының кеңесі 2013 жылды ТМД-дағы Экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаны қорғау жылы деп жариялау шешімін қабылдайтыны күтіледі. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығын атап өтуге дайындық туралы Шешімге қол қойылатыны жоспарланған.

Сонымен қатар, «Достастықтың мәдени астаналары» Мемлекетаралық бағдарламасын бекіту шамалануда. Бұған дейін ол ілкі режимде іске асырылды. «ТМД мәдени астаналары» Ульяновск пен Гомель болды, ағымдағы жылы Астана мен Мары (Түркіменстан) қалалары атанды. Келесі жылдың кандидаттары - Әзірбайжандағы Габала, Армениядағы Гюмри және Беларусьтың Могилев қалалары.

Соңғы жаңалықтар