ТМД комитеті: ЕАЭО-ға бірыңғай валютаны 2025 жылға дейін енгізу мүмкін емес

АСТАНА. ҚазАқпарат - ЕАЭО 2025 жылдан кейін ғана бірыңғай валютаға көшуі мүмкін. Бұл туралы ТМД атқарушы комитеті экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры Андрей Кушниренко баспасөз мәслихатында хабарлады, деп жазды ТАСС.
None
None

«ЕАЭО қатысушыларының бағалауынша, бұл бүгінгі күннің ісі емес. Бұл мәселе 2020 жылдардың ортасында қолға алынуы мүмкін, яғни 2025 жылы», - деді Андрей Кушниренко.

2015 жылғы наурызда РФ президенті Владимир Путин Беларусь, Қазақстан көшбасшыларымен келіссөзден кейін келешекте валюталық одақ қалыптастыру мүмкіндігі туралы сөйлесетін уақыт жеткенін мәлімдеген.

ЕАЭО 2015 жылы 1 қаңтардан бастап жұмысын бастады. Кейіннен Армения мен Қырғызстан оған мүшелігін қуаттады.

ЕАЭО құру мақсаты - тауарлар, қызметтер, капитал, жұмыс күші қозғалысының еркіндігі, экономика саласында үйлестірілген, келісілген, бірыңғай саясат жүргізу. Бұдан басқа, шарт үш ел интеграцияны тереңдету мақсатында «келісілген валюталық саясат» жүргізуді көздейді. Бірыңғай валютаны тікелей құру шартта қарастырылмаған. Алайда бірыңғай макроэкономикалық саясат қалыптастыру міндеті көзделген.

Соңғы жаңалықтар