12:52, 17 Қараша 2011 | GMT +5
ТМД Қорғаныс министрлері кеңесі 20 жылда әскери ынтымақтастық бойынша 1200 астам құжаттар қабылдады - Анатолий Сердюков
МАТЫ. 17 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін біз 20-дан астам мәселені шештік. Ресейдің Қорғаныс министрі Анатолий Сердюков бүгін Алматыда өткен ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің 61-отырысында осылай мәлім етті.
"Бүгінгі мәжілісті Қорғаныс министрлері кеңесінің 20 жылдығы қарсаңында өткізіп отырмыз. Осы уақытқа дейін ұлттық және бірлескен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ТМД елдері армияларының арасында тығыз қарым-қатынас орнады. Мемлекетаалық әскери серіктестіктің құқықтық және ұйымдастыру негіздері жасалды", - дейді А. Сердюков. Оның айтуынша, бұл алқал жиында әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін жетілдіруге ерекше көңіл бөлінді. Сондай-ақ 2012 жылғы бірлескен іс-шаралар жоспары келісілді. Оған түрлі бағыттағы 20-дан астам шара еніп отыр.