ТМД мемлекет басшылары Душанбеде бас қосады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Минскіде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқару комитетінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Достастықтың жарғы және басқа органдары жанындағы Тұрақты уәкілетті өкілдері кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТМД Атақару комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Тұрақты өкілдер Душанбеде 27 қыркүйекте өтетін ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің және 28 қыркүйекке жоспарланған ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырыстары күн тәртібінің жобаларына білдірілген ұсыныстарды талқылады.

«Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында он екі, Мемлекет басшылары кеңесінің отырысында он бес мәселені талқылау ұсынылып отыр. Атап айтқанда, алдағы саммиттің күн тәртібіне Ғарыш кеңістігін зерттеу және бейбіт мақсаттарға пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы конвенцияның жобасын енгізу де ұсынылды», - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

ТМД елдерінің тұрақты өкілдері өздерінің келесі отырысы өтетін күн мен онда қаралатын мәселелерді келісті. Ол 18 маусымда Минскіде өтеді.

Соңғы жаңалықтар