ТМД мемлекеттері жастар ынтымақтастығы стратегиясының жобасы әзірленді

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Ертең Душанбеде ТМД мемлекеттері жастар ісі кеңесінің отырысы ашылады.
None
None


Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі Беларус Республикасы білім министрлігі әзірлеген ТМД-ға қатысушы мемлекеттер жастар ынтымақтастығы стратегиясының жобасын қарау болмақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Жобаның ережесінде жастардың ұлттық және азаматтық сана-сезімін, төзімділігін, зияткерлік, шығармашылық және спорттық белсенділігін арттыру көзделген.

2009 жыл Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында Жастар жылы деп жарияланған. Осыған байланысты Кеңес мүшелері өздері ұсынатын мемлекеттерде Жыл аясында өткізетін іс-шаралар туралы ақпараттармен алмасады.

Соңғы жаңалықтар