ТМД-ны құру туралы Алматы декларациясы осы заманғы ықпалдастық үдерістердің айқындаушы кезеңі болды

МӘСКЕУ. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Бұдан дәл 20 жыл бұрын, 1991 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстанның астанасы Алматыда бұрынғы кеңестік он бір республиканың басшылары маңызды стратегиялық шешім қабылдады. Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы мүше-мемлекеттерінің Алматы декларациясы өмірге келді.
None
None

Бұл құжатты жасау үшін себеп болған оқиғалар сол кездегі КСРО-дағы әлеуметтік-саяси және экономикалық үдерістердің келмеске кетуі болды. Кеңес Одағының республикалары арасындағы 80 жылдардың соңында қалыптасқан жаппай және одан әрі ұстап тұруға болмайтын орталықтан сыртқа тепкен саяси үдерістер көптен күткен «егемендік шеруінің» басталуына жол салды, ол тұтастай алғанда КСРО кеңістігіндегі келе жатқан өзгерістерден жіті хабар берді.

Одақты құтқарып қалудың соңғы әрекеттерінің бірі ретінде оны Егеменді мемлекеттердің одағы формасында орталықсыздандырылған федерация етіп құру арқылы түбегейлі реформалау ұсынылды. Ол үшін өзінің егемендігін жариялап үлгерген республикалар жаңа одақтық шартқа қол қоюлары қажет еді.

1991 жылғы 20 тамызда жаңа Одақтық шартқа Белоруссия, Қазақстан, РСФСР, Тәжікстан және Өзбекстан қол қоюы, ал күзде оларға басқалары да қосылуы тиіс еді,. Алайда 18-21 тамыз күндері болған Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеттің мүшелері КСРО Президенті Михаил Горбачевті күштеп тайдыруды жүзеге асырудың сәтсіз болуы бұл жоспарды бұзып жіберді.

Осы сәттен бастап КСРО республикаларының бірінен соң бірі өздерінің тәуелсіздігін жариялады. Бірнеше айдан кейін, 1991 жылғы 8 желтоқсанда КСРО халықаралық құқық субъекті және геосаяси шындық ретінде өзінің өмірін сүруін де-юре тоқтатты, сөйтіп, артына сол сәтте белгісіз бірлестік - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын мұраға қалдыды. Сол күні Беларуста Беловеж тоғайында Беларус КСР, РСФСР және Украина «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы келісімге» қол қойды.

Қалыптасып отырған жағдайда туысқан республикалармен одақтық қатынастарды сақтау үшін күресудің мағынасы жоқ екенін түсіне отырып, 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі Респубиканың тәуелсіздігі және мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылдады.

Алайда енді жаңадан құрылған мемлекетердің алдында бұдан да күрделі ығыттар тұр еді - елдің даму бағытын айқындау, бұрынғы одақ халықтарының экономикалық күретамырларын сақтау, ұлттық қауіпсіздікті, жаңа мемлекеттік шекаралардың тұтастығын қамтамасыз ету және әлемдік қоғамдастыққа ойдағыдай шығу қажет болды.

Одақтың барлық елдеріндегі жұртшылық пен саяси элита пікір алуандығы, егемендік пен нарықтық экономика идеяларына шоғырланған кезеңде ықпалдастық тақырыбы ең соңғы орында қалды және тіпті ол жиіркеніш туғызды.

Алда тұрған проблемалардың ауқымдылығын сезіне отырып, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда бұрынғы одақтық республикалар көшбасшыларының кездесуін өткізу жөнінде бастама көтерді, онда достық, тату-көршілік және елдер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың тарихи тамырларын тиісті құжатпен қуаттап, бекіту, сондай-ақ бұрынғы кеңестік кеңістікте басқа да біріктіруші жобаларды дамыту үшін векторларды іздестіру көзделді.

Қазақстан басшылығының белсенді жұмыстарының нәтижесінде 1991 жылдың 21 желтоқсаны күні кеңестік 11 республиканың басшылары Алматыда бір үстелдің басына жиналды. Өткізілген келіссөздердің қорытындысында «ТМД-нің Алматы декларациясы» қабылданып, онда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылғандығы жарияланды, оның тең құқылы бірлестікке ұмтылысы айқындалып, мақсаттары мен ұстанымдары нақтыланды.

Мәселен, ТМД қызметінің басты принциптерінің бірі бұрынғы Одақ субъектілеріне тең құқылы қатысуды және ТМД-ның барлық мемлекеттерін құрылтайшы ретінде тануды қамтамасыз ету болды. Сонымен бірге «жалпы экономикалық кеңістікті, жалпыеуропалық және еуразиялық нарықты қалыптастыру және дамытудағы ынтымақтастықты жақтау» қуатталды.

Шын мәнінде бұл құжат тарихи өзара байланысты елдердің жаңа тарихындағы ықпалдастықтың алғашқы қадамы болды. Беловеж тоғайындағы келісім бүкіл әлемге КСРО-ның құрдымға кеткендігін мәлім етсе, 20 жыл өткеннен кейін бүгінде жоғары әрі тиімді бірлескен әлеуетті паш етіп отырған ТМД-нің Алматы декларациясы керісінше, жаңа бірлестіктің құрылғандығын жариялады

Осылайша, дәл осы күні болашақта тәуелсіз, бірақ аумақтық және тарихи өзара байланысты көрші елдер туралы өте маңызды мәселе шешімін тапты. Достастық құрылған мезеттен бастап оның атына қатысушы елдердің де, сыртқы әріптестердің де тарапынан аз сын түскен жоқ. Бастапқыда оны кезіндегі қуатты державаны өркениетті жолмен ажырату әрекетімен теңестірсе, кейінірек сын тезіне ТМД қызметінің өзі де ұшырады, ал одан кейін бұл бірлестіктің сөзсіз тас-талқаны шығатындығы туралы айту сәнге айналды.

Дегенмен ақиқатында тіпті мүлде басқа жайт байқалады, өзінің стратегиялық мақсатын дұрыс жүзеге асыра алатындығын көрсеткен Достастық 20 жылда өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Жаңа елдер арасында саяси диалог қалыптастыру үшін жағдай жасалды, ондаған мемлекеттің экономикалық өзара байланысы қамтамасыз етілді және тағы бір маңыздысы, бауырлас халықтардың арасындағы гуманитарлық байланыс дамыды.

20 желтоқсан күні Мәскеуде өткен жоғары деңгейдегі ТМД-нің бейресми мерейтойлық саммитінде Достастыққа қатысушы барлық 11 елдің көшбасшылары интеграциялық үдерістерді одан әрі дамытудың позитивті көңіл-күйін және дайындығын қуаттады.

Кездесуді ашқан Ресей Президенті Дмитрий Медведев 20 жылдың ішінде Достастық дамудың өте қиын жолын бастан өткергендігін атап өтті. Сан түрлі саяси жағдайлары, жақын, сонымен қатар өзгешілікті мәдениеттері бар елдер бір-бірін өте жақсы түсіп қана қоймай ерікті, теңқұқылы әрі тиімді негізде тиімді ынтымақтаса алатындығын дәлелдеді.

«ТМД бұрынғы кеңестік кеңістіктегі тұрақтылықтың маңызды факторына айналды және де тіпті іс жүзінде орын алған кемшіліктерге қарамастан ықпалды өңірлік бірлестікке айналды. Біз бірлесіп жеткілікті шараларды атқара алдық», - деді Ресей көшбасшысы.

Қазіргі уақытта 1991 жылғы Алматы декларациясы іс жүзінде бұрынғы Одақтың 11 елінің басын қосып, ТМД базасында жаңа интеграциялық идеяның дайындығы мен сәтті жүзеге асырылуына мүмкіндік жасағандығын зор сеніммен айтуға болады.

Соңғы 20 жылдың ішінде Достастық елдері болашақтағы жаһандық қатерлерге бірлесіп жауап беру жүйесін дамытуды жалғастыруға және қалыптастыруға мүмкіндік алды. Әскери-саяси салада - бұл ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт, ал экономикалық салада - Еуразиялық экономикалық қоғамдастық пен Кеден одағы, гуманитарлық салада - ТМД-нің Гуманитарлық ынтымақтастығы мемлекетаралық қорының және басқа да клубтардың алаңдарындағы тұрақты байланыстар.

Дәл осы кездесуде Қазақстан басшысы атап өткендей, Достастық қазіргі таңда белсенді дамып келе жатқан бұрынғы кеңестік елдердің арасындағы жаңа құрылымдар үшін іргетасқа айналды. «ТМД-дан ЕурАзЭҚ, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтан - Кеден одағы, Кеден одағынан - Бірыңғай экономикалық кеңістік пайда болды. Міне біз үшін ТМД-нің мәні осында», - деп атап өтті Н.Назарбаев.

Бұл ұстанымды Беларусь Президенті Александр Лукашенко да қолдайды. «Бұрынғы кеңестік кеңістікте құрылған біздің барлық құрылымдарымыз ТМД қатарында пайда болып, өсіп шықты. ТМД болмаған жағдайда бұл пікірталастар, ТМД-нің дамуына белгілі бір қанағаттанбаушылықтар да болмас еді және де біз бүгінде бұл құрылымды құрмас еді», - деп атап өтті А.Лукашенко.

Бүгінде жүріп өткен жолымызға қарай отырып, Алматы келісімінің тарихи маңызын бағаламау мүмкін емес. 1991 жылғы декларация бауырлас елдердің саяси, әлеуметтік, экономикалық және ғылыми-мәдени әлеуетін біріктіру үшін негіз қалады және ынталандырды. Бұрынғы кеңестік елдердің арасындағы қазіргі интеграциялық үдерістердің сәттілігі көп жағдайда КСРО-ның күйреуі кезеңіндегі қазақстандық басшылықтың принципті ұстанымына борышты және Қазақстанның түбегейлі бастамаларындағы нақты біріктіретін жобаларды құру туралы ұсыныстары пайда болды. Олардың басым бөлігі ТМД бойынша Қазақстанның әріптестері тарапынан қолдау тапты және өмірде нақты жүзеге асырылуда.

Соңғы жаңалықтар