ТМД-ның бірқатар елдерінің экономикасы әлемдік қаржы-несие дағдарысының әсерін айтарлықтай сезінуде

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Өткен жылдың соңына қарай ТМД-ның бірқатар елдерінің экономикасы әлемдік қаржы-несие дағдарысының әсерін айтарлықтай сезінді.
None
None
Бұл әсіресе, әлемдік экономикада ықпалдасу деңгейі біршама жоғары елдерде қаттырақ байқалды. ҚазАқпарат тілшісіне ТМД-ның Мемлекетаралық статистикалық комитетінен хабарлағанындай, бұл елдердегі экономиканың өсу қарқынының баяулап кетуіне қаржы саласындағы мәселелердің еселеніп кетіп, оның қаржы тұрақтылығына нұқсан келтіруі себеп болып отыр. Ұлттық қаржы жүйесі мен экономиканың нақты секторларын қолдау үшін елдер үкіметі несиелер беруде және несие қажет еткен ұйымдар мен кәсіпорындарға басқа да мемлекеттік көмек түрлерін көрсетуде, экономикаға мемлекеттің қатысу дәрежесін көтеретін мемлекеттік дағдарысқа қарсы шаралар қолданылып жатыр. Валюта рыногындағы жағдай тұрақтылығын жоғалтты. ТМД-ның көптеген елдері АҚШ долларына қатысты өз ұлттық валюталарын бекітудің мұның алдындағы кезеңінің үрдіс жағдайы және жыл соңына қарай ресей рубліне қарағанда төмендеп кетуі түбегейлі өзгеріске ұшырады. 2007 жылдың соңымен салыстырғанда, барлық елдерде доллар бағамы өсті де, ресей рублінің бағамы түсіп кетті. ТМД-нің бірқатар елдерінде ұлттық валюта мен еуроны салыстырғанда, еуроның бағамы өсті, ал қалғандарында керісінше түсіп кетті. Бірқатар елдерде ұлттық валютаны девальвациялау орын алды. Кәсіпорындардың өз қаржыларының жетіспеушілігі мен несиелік ресурстардың қымбаттап кетуі салдарынан көптеген елдерде негізгі капиталды инвестициялау қарқыны төмендеді. Бірқатар елдердегі капитал құюды жалғастыру мемлекеттік бюджет пен шетелдік инвесторлардың қаржысымен жүзеге асырылуда. ТМД елдерінің тұтыну рыноктары негізінен тұрақтылықты сақтады және айтарлықтай қарқынмен дамыды да, дегенмен, ол көптеген елдерде тауарларды импорттау есебінен жүзеге асырылып келеді.Сыртқы тауар айналымының көлемі 2007 жылға қарағанда барлық елдерде өсе түсті, импортқа қарағанда тауарды экспорттау көрсеткіші жоғарылау болған. Сыртқы сауданың өсуі, айтарлықтай дәрежеде баға факторымен байланысты болып отыр.
Соңғы жаңалықтар