ТМД-ның бірқатар жоғары оқу орнына базалық ұйым мәртебесі беріледі

БУРАБАЙ. ҚазАқпарат - ТМД-ның бірқатар жоғары оқу орнына базалық ұйым мәртебесі беріледі. Мұндай шешім бүгін Ақмола облысына қарасты Бурабай кентінде өтіп жатқан ТМД-ға мүше мемлекеттер делегациялары басшылары кеңесінің отырысында қабылданды.
None
None

Атап айтқанда, Беларусь Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек ғылыми-зерттеу институтына еңбекті нормалау саласындағы әдістемелік және ұйымдастыру-техникалық жұмыстар саласындағы, Беларусь мемлекеттік экономикалық университетіне еңбекті нормалау бойынша кадрларды дайындау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша, Ресей Қорғаныс министрлігінің Әскери университетіне әскери-гуманитарлық бейіндегі мамандарды дайындау бойынша базалық ұйым мәртебесі берілетін болды. Аталған шешімді қуаттайтын құжатқа ТМД-ға мүше мемлекеттер делегациялары басшылары қол қойды.

Айта кетейік, отырысқа ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов, Армения Премьер-Министрі О.Абраамян, Беларусь Премьер-Министрі А.Кобяков, Қырғызстан Премьер-Министрі Т.Сариев, Молдавия Премьер-Министрі К.Габурич, Ресей Үкіметінің төрағасы Д.Медведев қатысуда. Сонымен қатар бұл жиынға қатысушылар қатарында Әзербайжан үкімет басшысының бірінші орынбасары Я.Эюбов, Түркіменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары С.Сатлыков, Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасары А.Икрамов, ТМД атқарушы комитетінің төрағасы С.Лебедев те бар.

Соңғы жаңалықтар