ТМД «өмір сүруін» тоқтатпауы керек - Н.Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Россия24» телеарнасына сұхбат берген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымының тоқсаныншы жылдардың басында атқарған міндеті мен қазіргі мәні туралы айтып берді.
None
None

«Кеңес Одағы ыдыраған кезде ортақ кеңістік сақталып, азаматтарымыздың жүріп-тұруы еркін болады деп үміттендік. Бірақ, біз ойлағандай болмады. Одақ ыдыраған соң, егемендік алған елдер тәуелсіздігін нығайтуға, әркім өз идеясын жүзеге асыруға кірісті. Яғни, әркім өз жолымен кетті. Сондықтан, бейбіт жолмен тарқасу үшін Тәуелсіз мемлекеттер достастығы құрылды», - деді сұхбат барысында Н.Назарбаев.

Қазақстан Президентінің айтуынша,  ТМД сол кезде өзіне атқарылған рөлді орындап шықты.

«Айтып өткенімдей, біріншіден, ТМД бейбіт тарқасу үшін керек болды. Екіншіден, одақ ыдыраған кезде, президенттердің кездесуін талап ететін жағдайлар көп еді. ТМД - президенттердің кездесуі мен пікір алмасу алаңы болды. Үшіншіден, өзі бір елде тұрып жатса да баласы екінші елде білім алып жүрген адамдардың араласуына кедергілер кездесе бастады. Міне, осындай мәселелерді шешуде ТМД өз рөлін атқарып шықты», - деп атап өтті Н.Назарбаев.

Қазақстан Президенті Еуразиялық экономикалық одақтың құрылу тарихына тоқтала отырып: «ТМД атқаратын міндеттер қанағаттандырмағандықтан, біз ынтымақтастық пен ықпалдастық жан-жақты жедел жүреді деп шештік. Осыдан барып, Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық пайда болды, артынша Еуразиялық экономикалық одақ пайда болды. Бірақ, бұған қарамастан, менің ойымша ТМД «өмір сүруін» тоқтатпауы керек», - деп түйіндеді сұрақтың жауабын Елбасы.

Соңғы жаңалықтар