08:24, 21 Қаңтар 2009 | GMT +5
ТМД сарапшылары Мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімге түзетулерді талқылайды
АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат. Қаңтардың 22-23-інде Минскіде, Тәуелсіз мемлекеттер достастығының Атқарушы комитетінде Мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама жобасын толықтыру және келісу жөніндегі сараптамалық топтың отырысы өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісім 1993 жылы қаңтардың 22-сінде Минскіде өткен ТМД Үкімет басшылары кеңесінің мәжілісінде қабылданып, құжатқа 10 мемлекет қол қойған болатын.