ТМД штаб-пәтерінде «Достастықтың мәдени елордалары» мемлекетаралық бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері талқыланады

МИНСК. 7 ақпан. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - ТМД Атқарушы комитетінде ертең, 8 ақпанда «Достастықтың мәдени елордалары» мемлекетаралық бағдарламасын әзірлеу және оны жүзеге асыру мәселелерімен айналысатын сарапшылар тобының отырысы өтеді.
None
None

Биыл Достастық елдерінде Тарихи-мәдени мұралар жылы деп жарияланып отыр. Осыған байланысты 19 қарашада Санкт-Петерборда өткен ТМД Үкімет басшылары кеңесінде ТМД-ның гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қоры мен Мәдени ынтымақтастық кеңесінің «Достастықтың мәдени елордалары» мемлекетаралық бағдарламасын әзірлеу туралы бастамасын қолдау туралы шешім қабылданған еді.

Жобаның мақсаты - Достастық елдерінің арасындағы мәдени байланыстарды кеңейту және мәдени әлеуеттерді біріктіру, оларды әрі қарай ықпалдастыру, экономикалық және саяси ынтымақтастыққа жағдай жасау, жекелеген қалалар мен елдерді дамыту, Достастықтың халықаралық аренадағы мәртебесін көтеру, мәдениетаралық диалогқа қолдау көрсету болып табылады.

Соңғы жаңалықтар