ТМД штаб-пәтерінде құпия мәліметтерді қорғау мәселелері қаралады

АСТАНА.  Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат -  Тәуелсіз мемлекеттер  достастығының   Атқарушы комитетінде Минскіде    қыркүйектің   8-10-ында    ТМД  органдарында    құпия      мәліметтермен   жұмыс істеудің   ережелері мен  Құпия мәліметтерді  қорғау  туралы  келісімнің  жобаларын    толықтыру және  келісу   жөніндегі сарапшылар  тобының    мәжілісі  өтеді, 
None
None

 деп   хабарлады   Достастықтың Атқарушы комитетінен.

 Құжаттарды   Беларус  Республикасының Мемлекеттік  қауіпсіздік комитеті мен  ТМД-ның   Лаңкестікке  қарсы  орталығы әзірледі.    Келісім  ТМД  елдері өзара  алмасатын,  сондай-ақ  Достастық аясындағы   ынтымақтастық  кезінде   орын алған   мемлекеттік құпияларды  қорғауды қамтамасыз  етуге    бағытталса,  Ережелер  жобасында    құпия  мәліметтермен  жұмыс істейтін  уәкілетті  тұлғаларға  қойылатын талаптар,  олардың міндеттері,   құжаттарға  қол  жеткізудің реті,     құпиялылықты   сақтауды қамтамасыз  етуді  бақылаудың   және   оларды    сақтаудың ережелері  қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар