ТМД ҮКБ кеңесі отырысы біздің елдеріміздің интеграция жолындағы кезекті қадам болады - К. Мәсімов

«Толықтай алғанда, бүгінгі шаралар қорытындысы көңілімізден шықты. Мен бүгінгі кеңес біздің елдеріміздің интеграция жолындағы, халқымыздың әл-ауқатын арттырудағы кезекті қадам болатындығына сенімдімін», - деді ол.
ҚР Үкімет басшысының атап өтуінше, кеңес отырысы барысында тұшымды сұхбаттастық өрбіп, күн тәртібіне енгізілген 20 құжат бойынша сәйкесінше шешімдер қабылданған.
«Бұл құжаттар біздің экономикалық, инновациялық-техникалық, мәдени-гуманитарлық және әскери саладағы өзара іс-қимылымыздың шегін айқындайды», - деді К.Мәсімов.
Қазақстан Үкімет басшысы қол қойылған құжаттар ішінен қаржы-экономика саласындағы өзекті мәселелерді шешу, халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру барысындағы көліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету сынды шешімдер аса өзекті екендігін атап өтті.
«Мұнан бөлек, 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған ТМД мемлекеттерінің өңіраралық және шекарааралық тұжырымдамасы мен оның жүзеге асыру жоспары да барынша маңызды. Ынтымақтастықтың осы векторы соңғы уақытта ерекше өзекті болып отыр», - деді К.Мәсімов.