08:11, 01 Маусым 2013 | GMT +5
ТМД Үкімет басшылары кеңесінің келесі отырысы 2013 жылдың қарашасында Ресейде өтеді
МИНСК-АСТАНА. 1 маусым. ҚазАқпарат - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкімет басшылары кеңесінің келесі отырысы 2013 жылдың қарашасында Ресейде өтеді.

Бұл туралы БАҚ өкілдеріне ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы - атқарушы хатшысы Сергей Лебедев мәлім етті, деп хабарлайды БЕЛТА.
С.Лебедевтің пайымдауынша, Достастық осы уақыт үшінде өзінің тиімділігін көрсете алды. «ТМД-ға қатысты сындар айтылады, жасыратыны жоқ кейде оның негізі де бар. Дегенмен, Достастық көптеген проблемаларды шешу үшін барынша ыңғайлы әрі жемісті алаң ретінде, тиімді ұйым екендігін көрсете алды» - деді ол.