ТМД Үкімет басшылары кеңесінің келесі отырысы қазанда Душанбеде өтеді

«Мен барлық әріптестеріме кеңестің келесі кездесуін отызыншы қазан күні Душанбеде өткізуге келісім бергендері үшін алғысымды білдіремін. Барлықтарыңызды Тәжікстан астанасына зор ризашылықпен шақырамын әрі сіздердің Душанбе қаласына келулеріңізге барынша жайлы жағдай жасайтындығымызға сендіремін», - деді Тәжікстан Премьер-Министрі К.Расулзода.
Айта кетейік, отырысқа ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов, Армения Премьер-Министрі О.Абраамян, Беларусь Премьер-Министрі А.Кобяков, Қырғызстан Премьер-Министрі Т.Сариев, Молдавия Премьер-Министрі К.Габурич, Ресей Үкіметінің төрағасы Д.Медведев қатысуда. Сонымен қатар бұл жиынға қатысушылар қатарында Әзербайжан үкімет басшысының бірінші орынбасары Я.Эюбов, Түркіменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары С.Сатлыков, Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасары А.Икрамов, ТМД атқарушы комитетінің төрағасы С.Лебедев те бар.