ТМД және Балтық жағалауы елдері чемпиондарының кубогында «Ақтөбе» футбол клубы ширек финалға жолдама алды

АЛМАТЫ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Мәскеуде өтіп жатқан ТМД және Балтық жағалауы елдері чемпиондарының кубогында «Ақтөбе» футбол клубы ширек финалға жолдама алды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Топтық кезеңде Владимир Муханов жаттықтыратын ақтөбелік футболшылар «А» тобында үздік шықты. Олар алғашқы ойында Армения чемпионы саналатын Ереванның «Арарат» командасын 3:1 есебімен жеңді. Онда қарсыластар қақпасына енген үш доп та бірінші таймда соғылды. Алдымен жартылай қорғаушы Марат Хайруллин 18-інші және 37-ші минөттерде қақпаға гол соғып, оны 45-ші минөтте шабуылшы Сергей Остапенко одан әрі еселеген болатын. Ал екінші кездесуде Ресей чемпионы атанған Қазанның «Рубин» командасы 2:0 есебімен тізе бүкті. Бұл жолы ойынның бірінші жартысында қорғаушы Эмиль Кенжесариев (41 минөт) есепті ашып, оны екінші таймда шабуылшы Сергей Струков 2:0-ге жеткізді. Ақтөбеліктер бұдан кейін топтық кезеңдегі соңғы ойында Өзбекстан чемпионы Тәшкенттің «Пахтакор» командасымен 1:1 есебімен тең түсті. Аса тартысты өткен бұл теңбіл доп додасында шабуылшы Мұрат Тілешов 38-ші минөтте қарсыластар қақапасында доп түсірді. ТМД және Балтық жағалауы елдері чемпиондары кубогының жеңімпазы қаңтардың 25-інде өтетін ақтық ойында анықталады.
Соңғы жаңалықтар