ТМРА өңірлерде тарифтік саясатты түсіндіруді жалғастыруда

None
None
АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасын орындау ауқымында Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Анатолий Шкарупаның басшылығымен

тарифтерді қалыптастырудың ашықтығын және тұтынушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету бойынша ведомство жұмысы туралы «дөңгелек үстел» өтті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.  

Дөңгелек үстелге ірі табиғи монополия субъектілерінің басшылары, жергілікті атқарушы және өкілдік органдар, бизнес-құрылымдар, пәтер иелері кооперативтері және ардагерлер кеңесінің   өкілдері қатысты. 

А.В. Шкарупа жиналғандардың алдында ел Президентінің Қазақстан халқына биылғы Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру шеңберінде Агенттік қызметінің негізгі бағыты туралы айтты. 

Реттеуші орган ретінде ТМРА-ның негізгі міндеті теңгерімді қамтамасыз ететін реттеу әдіснамасы мен құралын қалыптастыру болып табылатындығын атап өтті  және бұл шаралар  реттелетін секторлардың инвестициялық тартымдылығын дамытуға, арттыруға, сондай-ақ энергияны сақтау және ресурс сақтау міндеттерін шешуге ынталандырады.

Осыған байланысты басым іс-шара тарифтік реттеудің озық құралы ретінде орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге шекті тарифтерді қолдану болып табылады.

Халық үшін шекті тарифтерді қолданудың негізгі басымдықтарының бірі тарифтердің, монополистер көрсететін қызметтер сапасының тұрақтылығы мен болжалдылығы, 2020 жылға қарай  65-75%-дан 45-55%-ға дейін тозуының төмендеуі есебінен активтерді жаңғыртуға инвестициялардың өсуі  болып табылады.

2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасы бойынша халықты сапалы ауыз сумен және суды бұру қызметтерімен қамтамасыз ету жөнінде  қабылданған шараларға кеңінен тоқталып өтті. Сондай-ақ халықтың тұруына жайлы жағдайларды қамтамасыз ету және коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйін жақсарту мақсатында  Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы хабардар етті.

Және де осыған орай реттелетін салалардағы тарифтік табыс есебінен сумен жабдықтау және суды бұру объектілеріне 113 млрд. теңгеден астам және ТКШ-ға - 452 млрд. теңге жоспарланып отыр.

Энергияны сақтау бойынша келесі басым іс-шара электр энергиясы мен суды үнемдеп тұтыну бойынша міндеттерді шешу болып табылады.

Бұл үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда сараланған тарифтер енгізілді.

Электр энергиясына тәулік аймақтары бойынша сараланған тарифтерді қолдану нәтижесінде  республикада үнем орта есеппен 2,5 млрд. теңгеге жуықты, тұтыну көлемдері бойынша шамамен 1 млрд. теңгені құрады.

Нәтижесінде елде электр энергиясының үнемі 421 млн. кВт.сағ.-қа  жуық; отын үнемі - 105 мың тоннаға жуық;  тұтынушылар қаражатының үнемі - 3 млрд. теңгеден астам құрады.

Сонымен қатар республиканың барлық өңірлерінде суды үнемдеп тұтыну мәселесін шешу мақсатында сумен жабдықтауға тұтынушылар: халық, бюджеттік ұйымдар, шаруашылық субъектілері топтары бойынша сараланған тарифтер енгізілген болатын.

Мұндай саралау сумен жабдықтау қызметтеріне аса жоғары тариф белгіленетін өндірістік кәсіпорындар мен бюджеттік ұйымдардың суды үнемдеп тұтынуына  ынталандыруға бағытталған. Осы сараланған тарифтерді енгізу нәтижесінде республика бойынша су үнемі  15%-ға дейінді құрады.

Қызылорда облысына келетін болсақ, онда 2010 жылы электр энергиясына тұтыну көлемдеріне қарай сараланған тарифтерді қолданудан заңды тұлғалар 152 млн. теңге, ал 2011 жылы - 213 млн. теңге  мөлшерінде пайда тапты.

Үстіміздегі жылғы 1 сәуірден бастап электр энергиясына тарифтерді 3 деңгейлі саралау енгізілді.

 Сонымен қатар суға тұтыну көлемдеріне қарай сараланған тарифтерді енгізу суды есептеудің жеке  аспаптарымен жарақтандыру бойынша жүргізілген жұмыспен үздіксіз байланысты,  өйткені халықты жеке есептеу аспаптарымен 100 пайыз жарақтандыруды қамтамасыз ету  арқылы ғана судың нақты үнемі туралы айтуға болады.

Осыған байланысты есептеу аспаптарының бар болуына немесе болмауына қарай халық үшін суға тарифтерді саралауды көздеу қажет.

Жылу энергиясы бойынша да осыған ұқсас жағдай.  Үстіміздегі жылғы қаңтарда «Энергияны сақтау және энергия тиімділігін арттыру туралы» және «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына  түзетулер енгізілді, олар есептеу аспаптары болған не болмаған  кезде  жылумен жабдықтау қызметтеріне сараланған тарифтерді енгізуге жәрдемдеседі.

Агенттік жылу энергиясымен жабдықтау қызметтеріне тарифтерді есептеу тетігін айқындау мақсатында табиғи монополия субъектісінің жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтеріне  тарифтерді есептеу әдістемесін әзірледі және бекітті, ол есептеу аспаптары жоқ тұтынушыларға қарағанда, жылу энергиясын есептеу аспаптары бар тұтынушылар үшін тарифтер деңгейін көздейді.

Сондықтан энергиямен жабдықтау бойынша іс-шараларды іске асыру мақсатында Агенттік тұтынушыларды реттеліп көрсетілетін қызметтерді есептеу аспаптарымен жарақтандыру жұмысын тұрақты негізде  жүргізіп отыр.

Мысалы, бүгінгі күні Қызылорда облысында  есептеу аспаптарымен жарақтандыру:

- суық су бойынша - 90,3% -ды;

- жылу энергиясы (жалпы үйге ортақ) - 6,5% -ды құрайды.

Тұтастай алғанда Агенттіктің бұл жұмыстары реттеліп көрсетілетін қызметтерге бағалардың негізсіз өсуінен тұтынушылар құқықтарын қорғау және тұтынушыларды сапалы қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

Бұдан басқа кездесуге қатысушылар коммуналдық қызметтерді көрсету саласындағы инвестициялық саясатқа, желілерді жаңғыртуға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендетуге және нормативтен тыс ысыраптарды жоюға, электр энергиясын бақылауға және есептеудің автоматтандырылған жүйесін енгізуге  (ЭБЕАЖ);  су құбыржолдары желілерін реконструкциялауға және тұтастай өңірді жылыту кезеңіне дайындауға   қатысты аса өзекті мәселелерді талқылады.

Соңғы жаңалықтар