ТМҰ мемлекет басшыларының бейресми саммиті Будапеште өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) бейресми саммиті биыл 20-21 мамырда Мажарстан астанасы Будапеште өтеді.

Hungary to host informal summit of OTS Heads of State
Photo credit: Kazinform

Саммит Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанның шақыруымен өткелі жатыр. Жиынға ТМҰ-ға мүше Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия мен Өзбекстан сияқты мемлекеттердің президенттері қатысады.

Сонымен қатар саммитке ТМҰ жанындағы бақылаушы елдердің өкілдері мен ұйымның Бас хатшысы келеді.

ТМҰ бейресми саммиті тарихта алғаш рет бақылаушы мемлекет аумағында болғалы отыр.

«Шығыс, батыс пен түйісу нүктесі» тақырыбында өтетін іс-шара мемлекет басшыларына басым бағыттар бойынша ықпалдасу және дамыту мәселелерін талқылап, өңірлік және жаһандық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуға мүмкіндік береді.

Саммит қорытындысы бойынша, ТМҰ-ның ортақ болашағы мен стратегиялық бағытын растайтын Будапешт декларациясын қабылдап, өзге де бірқатар маңызды шешімдер мен бастамаларды мақұлдау көзделіп отыр.

Будапеште өтетін бейресми саммиттің алдында самиттің күн тәртібі мен мемлекет басшыларына қол қоюға ұсынылатын құжаттарды пысықтау үшін ТМҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтеді.

Осыған дейін Ирак астанасында Араб мемлекеттері лигасының (АМЛ) 34-ші саммиті басталғаны туралы жадық.

 

Соңғы жаңалықтар