«Тобыл» Еуропа лигасында Словакияның «Ружомберок» командасымен ойнайды

Тобыл
Фото: kazfootball.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Тобыл» Еуропа лигасы бірінші іріктеу сатысында Словакияның «Ружомберок» командасымен ойнайды.

Бүгін, 18 маусымда Швейцарияның Ньон қаласында 2024/2025 жылғы маусымдағы Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

Қазақстандық «Тобыл» Еуропа лигасы бірінші іріктеу сатысында Словакияның «Ружомберок» командасымен ойнайтын болды.

Алғашқы ойын 11 шілде өтсе, қарымта ойын 18 шілдеге жоспарланған. Бірінші ойын сырт алаңда өтеді.

Аталған турнирде елордалық «Астана» командасы екінші іріктеу сатысынан бастайды. 

Айта кетсек, бұдан бұрын Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

Еліміздің атынан аталған турнирде сынға түсетін қазақстандық «Ордабасы» Молдованың «Петрокуб» командасымен ойнайды.

Ал 19:00-де Конференция лигасы бірінші іріктеу сатысының жеребесі тартылады.

Оған еліміздің атынан «Ақтөбе» командасы қатысады. 

Соңғы жаңалықтар