«Тобыл» футболдан Қазақстан суперкубогының иегері атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін, 28 ақпанда футболдан Қазақстан суперкубогында алматылық «Қайрат» пен қостанайлық «Тобыл» командалары кездесті. 

Кайрат -Тобол
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Жаңа маусымдағы алғашқы ойында екі команда бапкерлер құрамы тәжірибелі футболшыларға сенім артты. Оған қоса биыл ел біріншілігінде бақ сынауға мүмкіндік алған шетелдік ойыншылар да қосылды.

Қайрат-Тобыл
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Қайрат-Тобыл
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Командаларлың негізгі құрамы

«Қайрат»: ​Темірлан Анарбеков (Қ) — Луиш Мата, Александр Широбоков, Александр Мартынович (К), Еркін Тапалов — Яакко Оксанен, Дан Глазер, Ойва Юккола, Александр Мрынский, Жоржиньо — Эдмилсон;

Қайрат-Тобыл
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Қайрат-Тобыл
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

«Тобыл»: Сұлтан Бұсұрманов (Қ) — Наурызбек Жагоров, Папе-Алиун Ндиайе, Неманья Кавнич, Александр Марочкин, Марко Вукчевич — Максим Мякиш, Асхат Тагыберген (К), Александр Зуев — Рубин Хебай, Луис Герра.

Қайрат-Тобыл
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Қайрат-Тобыл
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Ойын басталған сәттен қос команда бірден шабуылға шығуға көңіл бөлді. Жасыл алаң төрінде алматылық футболшылар жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Дегенмен олардың тарапынан өрескел қателікке бой алдыру көрініс берді. 

Қайрат-Тобыл
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Қайрат-Тобыл
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Ойынның 6-минутында «Тобылдың» венесуэлалық шабуылшысы Луис Герра өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ. 

Қайрат-Тобыл
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Күтпеген жерден өз қақпасына гол жіберіп алған «Қайрат» таразы басын теңестіруге ұмтылды. Олардың қатарынан 20-минутта Александр Мрынский кезекті шабуылдың бірінде қарсылас қақпасын дәл көздеді. 

Қайрат-Тобыл
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Ал-26-минутта алматылық клубтан Жоржиньо орындаған пенальтиге «Тобыл» қақпашысы Сұлтан Бұсұрманов тосқауыл қойған еді. Ол қайтарған допты алматылық клуб биыл толықтырған финляндиялық Яакко Оксанен мүлт жіберген жоқ.

Қайрат-Тобыл
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Екінші кезеңде командалар шабуылды бәсеңдеткен жоқ. Алматылық клуб басымдықты арттыруға көңіл бөлсе, қостанайлық команда таразы басын теңестіруге күш салды. 
Ойынның 89-минутында Асхат Тағыберген гол соғып кетті.

Осылайша негізгі кезең 2:2 есебімен аяқталып, командалар пенальти тебуге мүмкіндік алды. 
Пенальти тебуде «Тобыл» бірде-бір мүмкіндігін мүлт жібермей, Қазақстан суперкубогының иегері атанды.

Қайрат-Тобыл
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Қазірге дейін аталған турнирдің финалда 10 команда бақ сынаған. Олардың арасында «Астана» 10 мәрте финалға шығып, 5 рет (2011, 2015, 2018, 2019, 2020, 2023) Суперкубокты иеленді. Одан кейінгі кезекте Алматының «Қайраты» 5 мәрте финалда бақ сынап, соның үшеуінде (2016, 2017, 2025) жеңімпаз атанды.

футбол
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Сондай-ақ суперкубокта «Тобыл» бес мәрте ойнап, (2021, 2022, 2024) үш мәрте жеңіс тұғырына көтерілді.

футбол
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
жанкүйер
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
жанкүйер
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
жанкүйер
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Ал «Ақтөбе» 3 (2008, 2010, 2014) — 2, «Елімай» (1995), «Ордабасы» (2012), «Шахтер» (2013) командалары бір-бірден жеңімпаз тұғырынан көрінді. Сондай-ақ «Атырау», «Восток» және «Қайсар» командалары суперкубокқа шыққанымен бірде-бір мәрте оған қол жеткізе алған жоқ.

Соңғы жаңалықтар
Референдум