«Тобыл» командасының сапын черногориялық легионер толықтырды

АСТАНА. KAZINFORM – Черногорияның орталық қорғаушысы Неманья Цавнич «Тобылмен» келісім-шартқа қол қойды. 

«Тобыл» командасының сапын черногориялық легионер толықтырды
Фото: «Тобыл» футбол клубы

Неманья кәсіби мансабын Черногорияның «Зета» құрамында бастаған. 2018 жылы Цавнич Данияға қоныс аударды. Онда футболшы Бірінші лигадағы «Фремад Амагер» және «ХБ Кеге» клубтарында өнер көрсетті. 

2024 жылдың ақпанында Неманья босниялық «Железничар» клубына ауысты. Босния мен Герцеговина Премьер-лигасында бір жыл ішінде ол команданың негізгі ойыншысына айналды.

Черногориялық аяқдопшы мансабында барлығы 330-дан астам матч өткізіп, 8 голды еншісіне жазды.

Айта кетейік, футболшы Черногория жастар құрамасына шақырту алған. 

Бұған дейін Эльхан Астановтың шымкенттік «Ордабасы» футбол командасына ауысқанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар