Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Тобыл» Конференция лигасын үшінші іріктеу кезеңінде аяқтады

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңінде қостанайлық «Тобыл» өз аалңында Сербияның «Партизан» клубына жол берді.

«Тобыл» Конференция лигасын үшінші іріктеу кезеңінде аяқтады
Фото: «Тобыл» футбол фклубы

Бірінші кезеңде қазақстандық команда тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Қос қанаттын жиі шабуылдап, гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Осындай сәттердің бірінде Ислам Чесноков 7-минутта өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ.

Екінші кезеңде сербиялық клуб сапынан Стефан Митрович 47-минутта таразы басын теңестірсе, Чака Траоре 92-минутта қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Тобыл» қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді.

Енді «Партизан» плей-офф кезеңінде Испанияның «Хетафе» командасымен шеберлік байқасады.

Қостанайлық клуб алғашқы ойында қарсыласына 0:3 есебімен есе жіберген еді. Олар екінші іріктеу кезеңінде Литваның «Паневежис» (1:1, 2:2, пенальтиден — 3:2) клубын қапы қалдырған еді.

Сондай-ақ Чемпиондар лигасында алматылық «Қайрат» бірінші және екінші іріктеу кезеңдерінде Черногорияның «Сутьеска» (2:1, 2:0), «Омония» (1:0, 0:1, пенальтиден 6:5) клубтарын қапы қалдырса, үшінші іріктеу кезеңінде Болгарияның «Левскиге» (0:1, 0:1) жол берді.