«Тобыл» мен «Елімай» соңғы минутта үш ұпай олжалады

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ХХІV-туры аясында екінші ойын күнін қостанайлық «Тобыл» мен Қызылорданың «Қайсары» түйіндеді.

«Тобыл» мен «Елімай» соңғы минутта үш ұпай олжалады
Фото: ҚФФ

Кездесу барысында екі команда жылдам гол соғуға тырысты. Қостанайлық клуб ойын тізгінін қолға алып, жиі шабуыл ұйымдастырды. Соған қарамастан таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ. Ойынның 95-минутында Николай Сигневич соққан гол «Тобылға» жеңіс алып келді. Осылайша қостанайлық клуб қарсыласынан 1:0 есебімен сүріндіріп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта түсті.

Ал семейлік «Елімай» өз алаңында Шымкенттің «Ордабасы» командасын 2:1 есебімен сүріндірді. Ойынның 3-минутында шымкенттік клубтан Эльхан Астанов есеп ашса, «Елімай» сапынан Рамазан Оразов 84, Роман Муртазаев 95-минутта мергендік танытты.

Айта кетсек, бұдан бұрын елордалық «Астана» сырт алаңда көшетаулық «Оқжетпесті» 2:1 есебімен тізе бүктірді. 

Еске салсақ, 27 қыркүйекте Жезқазғанның «Ұлытауын» өз алаңында «Атырауға» 1:5 есебімен есе жіберсе, астаналық «Жеңіс» Түркістанның «Тұранын» 6:3, «Ақтөбе» петропавлдық «Қызылжарды» 1:0 есебімен жеңді.

Сондай-ақ 5 қазанда «Қайрат» (Алматы) пен «Жетісу» (Талдықорған) ойнайды.

Соңғы жаңалықтар