«Тобыл» өз алаңында «Жетісудан» жеңіліп қалды

тобыл
Фото: Instagram/fctobol

Бүгін, 24 қыркүйекте футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің 22-турында «Тобыл» өз алаңында «Жетісудан» жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында Талдықорғанның «Жетісу» командасын қабылдады.

Командалар турнир кестесінде қатарлас келеді. Десе де, қостанайлық клуб үшін үздіктер қатарына жақындауы үшін бүгін жеңіске жетуі тиіс болатын.

Кездесу барысында алаң иелері қатарынан Ислам Чесноков 34-минутта есеп ашты. Ал одан кейін «Жетісу» сапынан Анес Рушевич 44, Нұрберген Нұрбол 53-минутта мергендік танытты.

Осылайша «Тобыл» қарсыласына 1:2 есебімен жол берді.

Дәл қазір Шымкентте жергілікті «Ордабасы» өз алаңында елордалық «Астанамен» кездесіп жатыр.

Сондай-ақ, бүгін «Оқжетпес» пен «Атырау» командалары 0:0 есебімен тең түсті.

Ал 24 қыркүйекте «Қызылжар» мен «Ақтөбе», «Қайрат» пен «Шахтер» 0:0 есебімен тең ойнаса, «Мақтарал» «Ақсудан» 2:0, «Қайсар» «Каспийден» 3:1 есебімен басым түсті.

Соңғы жаңалықтар