«Тобыл» сапын италиялық шабуылшы Годберг Купер толықтырды

футбол
Фото: Тобыл футбол клубы

АСТАНА. KAZINFORM - Қостанайлық «Тобыл» командасы сапында биыл шабуылшы Годберг Купер өнер көрсетеді. Ол ел біріншілігі тарихында Италия елінен келген тұңғыш футболшы атанды. 

Годберг Купер 1997 жылы 20 тамызда Италияның Бергамо провинциясында дүниеге келді. Жергілікті «Аталанта» клубының академиясында тәлім алған.

Кәсіби мансабын италиялық «Аурора Сериата» клубында бастап, одан кейін бірнеше жыл бойы Албания, Македония және Португалия біріншілігінде доп тепті. Ойыншыны осыған дейін 2023 жылы келісім-шартқа отырған румыниялық «UTA Arad» сапында болды.

Қостанайлық клуб легионерлер құрамы толық жасақталғанын атап өтті. Олардың қатарында ресейлік Альберт Габараев, сербиялық Иван Миладинович, Игорь Иваноич, сенегалдық Папа Ндайе, косоволық Давид Домжени, нигериялық Эдедем Эссьен, украиналық Евгений Шахов, болгариялық Радослав Цонев, марокколық Ахмед Эль-Мессауди, тоголық Давид Энен бар. 

Еске салсақ, бұған дейін украиналық футболшы Игорь Пластунның биыл «Ордабасы» клубында ойнайтынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар