«Тобылдың» жаңа бас бапкері тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — «Тобылдың» бас бапкері қызметіне Мирослав Ромащенко келді.Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті. 

«Тобылдың» жаңа бас бапкері тағайындалды
Фото: «Тобыл» футбол клубы

Тәжірибелі маман командаға ресми түрде таныстырылды. Ол жоғары деңгейде жұмыс істеген, әр жылдары Ресейдің «Томь» және «Ахмат» клубтарын баптады.

Сондай-ақ Станислав Черчесовтің бапкерлік штабының құрамында «Динамо» (Мәскеу), польшалық «Легия» және венгриялық «Ференцварош» клубтарында еңбек еткен. 2016-2021 жылдар аралығында Ресей құрамасының бапкерлер штабы құрамындақызмет атқарды.

Бапкер ретінде Польша чемпионы атанып, Венгрия чемпионатын екі мәрте жеңіп алған.

«Тобылға» дейін Мирослав Юрьевич Ресейдің «Урал» клубын жаттықтырып, Бірінші лигада екінші орынға ие болды.

Айта кетсек, бұдан қостанайлық клубтың бас бапкері қызметінен Нұрбол Жұмасқалиев кетті.

Оның бапкерлігімен «Тобыл» елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Команда Қазақстан кубогы мен суперкубогын жеңіп алды, сондай-ақ чемпионаттың қола жүлдегері атанды. 

Соңғы жаңалықтар