«Тобыл» ӘКК ISO стандарттары бойынша жұмыс жасайды

ҚОСТАНАЙ. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - «Тобыл» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы  ISO 9001-2008 халықаралық стандарттары сапа менеджменті жүйесіне сәйкестігі сертификатын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

 Бұдан басқа, ӘКК IQNet сертификаттау жөніндегі органдар халықаралық қауымдастығының бизнес-жобаларды жобалау, жасау және құруға қатысты сертификатына да ие болды.

«Тобыл» ӘКК жылжыту департаменті қызметкерлерінің хабарлауынша, корпорация жұмысына  ISO 9001-2008 ұстанымдарын енгізу оны тиімді басқару үшін компанияның қосымша және негізгі үдерістерді біріздендіруіне мүмкіндік береді.

Әлемнің 90-нан астам елінде қабылданған ISO 9000 сериялы стандарттарды қызметкерлер санына, өндіріс көлемі мен қызмет саласына қарамастан кез келген кәсіпорында қолдануға болады.

Соңғы жаңалықтар